20 қарашада 8D083 Орман шаруашылығы және 8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 20 қарашада сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D083 Орман шаруашылығы (6D080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы; 8D08302 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы; 8D08301 – Аңшылықтану және аң шаруашылығы білім беру бағдарламалары) және 8D052 Қоршаған орта (6D060800 – Экология мамандығы; 8D05204 – Экология білім беру бағдарламасы) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Сагынбаева Айнұр Бағдатқызының «Қазақстандағы қарағайлы ормандардың жай-күйі мен динамикасының өзгерістерін зерттеуде ГАЖ технологияларын және аэроғарыштық әдістерді қолдану («Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мысалында)» тақырыбындағы 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D083 Орман шаруашылығы және 8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №6 хаттамасы негізінде Сагынбаева Айнұр Бағдатқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.



