20 қарашада 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 20 қарашада сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Садуакасова Меруерт Акберовнаның «Қазақстан Республикасына қауіпі бар Орталық Азия елдерінің аумағында айналымдағы аусыл вирусының топотипін индикациялау және идентификациялау үшін геномдық тест-жүйелерін әзірлеу» тақырыбында 6D120100– «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясының қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №14 хаттамасы негізінде Садуакасова Меруерт Акберовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.



