25 қарашада 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 25 қарашада сағат 15:00-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Бейсенбаева Маусымжан Есболовнаның «Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақтарының суару және минералдық қоректену режимдерін оңтайландырудың майбұршақ өнімділігіне әсері» тақырыбында 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №10 хаттамасы негізінде Бейсенбаева Маусымжан Есболовнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

.jpeg)


.jpeg)