ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Дуальды оқыту бағдарламасы: KazNARU студенттері «Промсвязь» Алматы зауытында

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 6В07103 – «Машина жасау», 6В08703 – «Агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық технологиялар», 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша, техника ғылымдарының кандидаты Дархан Кабдыкалыкович Кармановтың жетекшілігімен «Промсвязь» Алматы зауыты» ЖШС алаңында дуальды оқыту жүргізілуде.

«Промсвязь» Алматы зауыты» ЖШС – байланыс желілерін салу және жаңғыртуға арналған жабдықтар шығаратын, сондай-ақ металл және басқа материалдардан бұйымдар мен конструкциялар әзірлейтін жоғары технологиялы кәсіпорын.

Дуальды оқыту шеңберінде студенттер Қазақстанда кең таралмаған озық өндірістік жабдықтарда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Атап айтқанда: өнеркәсіптік FHZL 3D-принтері, Bodor лазерлі кесу станогы, KUKA роботтандырылған кешендері, KUKA (ready2_educate) оқу ұяшығы, KUKA SCARA роботы, KUKA (Blue) кіші роботы және Agibot гуманоид роботы. Студенттер өндірістік процестерді автоматтандыру, цифрландыру, сапаны бақылау жүйелерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, өз құзыреттерін дамытуды жалғастыруда. Бұл – болашақ мамандар үшін бірегей кәсіби мүмкіндік.

2025 жылдың 28 қазанында зауытқа «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі А.К.Ниязбаев, кафедра инженері Д.Н.Сарсенов және практика мен жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекші маманы Б.Д.Әділхан барып, дуальды оқытуды жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибесін арттыру және бірлескен жобаларды кеңейту мәселелерін талқылады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник