“Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары” тақырыбында өткізілген семинар-тренинг
2025 жылғы 4 желтоқсанда университетімізде ағылшын тілін тиімді үйрену әдістеріне арналған «Effective ways of learning English» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Шақырылған спикер – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының профессоры, PhD докторы Асанова Гульнар Сайрамбекқызы, ағылшын тілін меңгерудің коммуникативтік, жобалық және иммерсивті тәсілдері туралы құнды ақпаратпен бөлісті.
Семинар барысында студенттер сөйлеу, тыңдалым, сөздік қоры мен академиялық дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмаларды орындап, жаңа білім мен тәжірибе алды.
Ұйымдастырушылар: ағылшын тілі пәнінің оқытушылары А.Б. Кашкеева және А. Даулетова.


