KazNARU-да «ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ
2025 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінің студенттер үшін аса маңызды және өзекті тақырыпқа арналған қонақ дәріс "Энергетика және электротехника" кафедрасының ұйымдастырылуымен өтті. «Цифрлық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» атты дәріс — бүгінгі заманда кең таралған онлайн қауіптер мен алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдарын түсіндіруге бағытталды.
Дәрісті Alatau City Bank жанындағы БҚКО қолдау басқармасының бас менеджері Төле Ильясов жүргізіп, қатысушылармен заманауи қаржылық қауіптер, кибералаяқтық түрлері және олардың алдын алу жолдары туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Спикердің баяндамасында қамтылған негізгі мәселелер:
- Әлеуметтік инженерия және фишинг шабуылдары;
- Жалған инвестициялық жобалар мен жұмыс ұсыныстары;
- Дропперлік әрекеттер және олардың заң алдындағы жауапкершілігі;
- Алаяқтық қоңыраулар мен жалған хабарламаларды ажырату тәсілдері.
Дәріс барысында студенттер:
- Цифрлық алаяқтықтың негізгі түрлерімен танысты;
- Дроппер деген кім және оның әрекеті неге қауіпті екенін білді;
- Жеке деректерді қорғау мен сенімсіз сілтемелерді ажырату жолдарын үйренді;
- Өмірде жиі кездесетін нақты мысалдар арқылы қауіптерден қорғанудың тиімді тәсілдерін меңгерді.
Іс-шара студенттер арасында жоғары қызығушылық тудырып, пікір алмасуға, нақты сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік – әрбір азаматтың цифрлық мәдениетінің маңызды бөлігі екені айтылып, болашақта мұндай ақпараттық дәрістердің жалғасын табатыны жеткізілді.



