Жер ресурстарын тұрақты басқару және жайылым экожүйелерін жақсарту бойынша қонақ дәрістер өтт
2025 жылғы 5 желтоқсанда «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасында білім алушыларға арналған қонақ дәрістер ұйымдастырылды. Іс-шараны кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Мурсалимова Э.А. ұйымдастырды.
Шара аясында а.-ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы жобасының сарапшысы Кертешев Талғат Сейітұлы «Аумақтық ландшафтық жоспарлау – аумақтарды функционалдық зоналаудың негізі» тақырыбында қонақ дәріс оқыды. Лектор аумақтық жоспарлаудың маңызын, табиғи ресурстық базаның сақталуын қамтамасыз ету жолдарын, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік қолайлылықты арттыратын әдістерді, сондай-ақ өндіріс пен өнімділікті күшейтуге бағытталған тиімді тәсілдерді атап өтті.
Іс-шараның келесі бөлігінде профессор Садық Б. Қазақстан жайылымдарындағы топырақ пен өсімдіктер жамылғысының құрылымын жақсартуға бағытталған органикалық көміртекті қолдану әдістері туралы мазмұнды презентация жасады. Дәріс барысында топырақ құрылымын жақсарту, органикалық заттардың мөлшерін арттыру, тамыр жүйесінің дамуын ынталандыру, көпжылдық шөптердің өсуін күшейту, CO₂ шығарындыларын азайту және өсімдіктер мен топырақтың көміртекті сіңіру қабілетін арттыруға арналған ғылыми тәсілдер жан-жақты түсіндірілді.
Студенттер тарапынан деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, шөптесін өсімдіктердің биоалуантүрлілігін жоғарылату, эрозияны азайту және жайылым өнімділігін арттыру мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Профессор Садық Б. өз тәжірибесінде қолданатын шөптердің өсуін жақсарту әдістерімен, топырақтағы тірі организмдердің белсенділігін арттыру және органикалық заттардың жиналуын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, жер ресурстарын тиімді басқару саласындағы заманауи ғылыми тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)