ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU мен Қытайдың ШанДун ғылыми-зерттеу институты ынтымақтастықты нығайтты

10 желтоқсан 2025 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамы, 6В08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» және 6В05102 – «Биотехнология» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысқан «Мамандығым – мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.

Кездесуді кафедра меңгерушісі Б.Т. Кулатаев ашып, ұстаздың кәсіби құзыреті, әдістемелік жұмысы, еңбек тәртібі, өзін-өзі дамыту мәдениеті және қоғаммен байланыс орнату маңыздылығы туралы ой бөлісті. Ол болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуында үздіксіз ізденіс пен өзін жетілдірудің рөлі зор екенін атап өтті.

Шара барысында 2025 жылғы 10–14 қараша аралығында Қытай Халық Республикасы, Шан Дун өлкесіндегі «Шан Дун ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына» іссапармен барып қайтқан кафедра оқытушылары Р. Қадыкен, Е. Баймәжен және Г. Жұмағалиева өздерінің ғылыми сапар нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Олар институт басшылығы және ғалымдарымен кездесіп, екіжақты бірлескен халықаралық ғылыми жобалар, ортақ ғылыми мақалалар, монографиялар жазу, сондай-ақ PhD докторанттары мен постдокторанттарды бірлесе дайындау мәселелерін талқылағанын жеткізді. Тараптар нақты меморандумдарға қол қойып, ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.

Сонымен қатар қазақстандық делегация институтқа қарасты ешкі шаруашылығы, етті қой кешені, етті ірі қара шаруашылықтары, сондай-ақ мал өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Іссапар барысында Шан Дун институтының басшылығы KazNARU түлектері – PhD докторларын Қытайдың мемлекеттік гранты есебінен постдокторантураға тегін қабылдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ екі жақ бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасының ашылғанын хабарлады. Бұл зертхана жас ғалымдардың мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарын еркін жүргізуіне толық мүмкіндік береді.

Шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары тәжірибе алмасу мен тәлімгерлік байланыстарды дамыту жас мамандардың кәсіби қалыптасуына зор серпін беретініне тоқталды.

Бұл іс-шара болашақ мамандар мен тәжірибелі педагогтер арасындағы әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник