ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Менеджмент және агробизнес саласында білім беру мазмұны талқыланды

2025 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламалары мен даму жоспарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы сәтті өткізілді.

Іс-шараға кафедра профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, түлектер мен студенттер қатысты. Басқосу барысында қазіргі заман талаптарына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіру, практикалық дағдыларды арттыру және еңбек нарығына бейімделген оқу мазмұнын қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Кездесу аясында жұмыс берушілер өз ұсыныстарын ортаға салып, білім алушылармен ашық пікір алмасу жүргізілді. Студенттер болашақ кәсіби бағыттары бойынша сұрақтар қойып, тәжірибелі мамандардан құнды кеңестер алды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу болды. Осындай форматтағы пікір алмасу кәсіби дайындықты жетілдіруге және университет пен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник