KazNARU-да «INDEPENDENT KAZAKHSTAN – OUR HISTORY, OUR PRIDE» ТАНЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

KazNARU-да «INDEPENDENT KAZAKHSTAN – OUR HISTORY, OUR PRIDE» ТАНЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай KazNARU-дың №9 «Ақбота» студенттер үйінде «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің бірінші курс студенттері арасында «Independent Kazakhstan – Our History, Our Pride» тақырыбында ағылшын тілінде танымдық сайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, тілдік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Сайыс барысында қатысушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Студенттер білімдерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Танымдық сайысты факультет деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрәділ Спатай мен Тілдер кафедрасының оқытушысы Гүлбану Абу ұйымдастырды.

Мұндай бастамалар жастардың шет тілдерін меңгеруіне, зияткерлік әлеуетін дамытуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне және отансүйгіштік сезімін нығайтуына ықпал етеді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник