KazNARU МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН ЕКІ КЕЗЕҢДІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
2025 жылдың 24 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының басшылығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта екі кездесу өтті.
Жамбыл облысының барлық мектеп түлектерін қамту мақсатында кездесулер сағат 10:00-де және 12:00-де өтті.
– 10:00-де Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі аудандарының түлектеріне;
– 12:00-де Т. Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласының ОББҚМ қарасты мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бөлім басшысы Досыбаева Айдын Орынбекқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары Нарегеева Агура Маарбановна, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізе отырып, ҰБТ тапсырулары үшін 22.12.2025 - 30.12.2025 ж.ж. аралығында ҰТО сайты арқылы тіркеліп, жеке кабинеттері арқылы 2026 жылы ҰБТ 5 мәрте тапсыру мүмкіндіктері болатынын және университетімізде бакалавриат деңгейінде оқытылатын ББТ мен БББ атап, таңдау пәндерімен және шекті баллдармен таныстырды.
Онлайн форматта Жамбыл облысының 447 мектебінен 15 019 бітіруші түлектер, 1200 педагогтар, 300 ата-ана, барлығы 16 519 адам ОНЛАЙН қатысып, кәсіби бағдар беру бойынша маңызды ақпарат алды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының болашағын айқындау болды.
Іс-шара барысында университеттің заманауи инновациялық дамудағы жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жаңашыл жобалары жөнінде кеңінен айтылып, KazNARU туралы презентация ұсынылды.
Жиын қортындысында еліміздің алыс өңірлеріндегі мектеп бітіруші әрбір түлек пен олардың ата-анасына Қабылдау комиссиясы әрқашан кеңес беруге әзір екендігі хабарланды.
KazNARU – сенің болашағыңа бастар жол!
KazNARU Баспасөз қызметі


















