ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

"SDG Alliance Kazakhstan" ұйымымен меморандумға қол қою

Пресс-релиз
13 қараша 2025 ж.

13 қараша 2025 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (КазНАИУ) Жасыл және тұрақты даму институтының ұйымдастыруымен SDG Alliance Kazakhstan өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында университет пен альянс арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

SDG Alliance Kazakhstan – Қазақстанда және оның шегінен тыс жерде Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР/SDG) ілгерілетуге бағытталған платформа. Платформа заманауи азаматтық қоғам талаптарына толық сәйкес келеді: қолжетімділік (WCAG 2.1 AA), құпиялылық (GDPR), ашықтық (публичные правила), модерация, нәтижелерді құжаттандыру (метрикалар мен есептер), сондай-ақ интеграцияға дайындық.

Кездесу барысында қатысушылар альянстың мүмкіндіктері, конкурстары және өзге де бастамалары туралы жан-жақты ақпарат алды.
Альянс директоры Вадим Цуриков негізгі бағыттарды таныстырып, үш маңызды аспектіні атап өтті:

  1. Альянстың мағынасы және оған қатысудың маңыздылығы;

  2. Алғашқы стартапты құру және конкурстар мен олимпиадаларға қатысудың өзектілігі;

  3. Болашақта ашылатын артықшылықтар мен мүмкіндіктер.

Іс-шара Жасыл және тұрақты даму институтының бастамасымен университет базасында стартап бағыттарын дамыту және халықаралық рейтингтерге қатысу мақсатында ұйымдастырылды.

Өтетін орны: Халықаралық офис, 36-кабинет

#startup #business #agritech #sdg #alliance #sustainability
#publicspeaking #speaking #youth #student #internationalrelations #leadership #globalissues #speech

---------Chatbot---------
виртуальный помощник