«КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Тұрақты даму мақсаттары аясында «Climate Change and Health: Challenges and Adaptation Strategies» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара Қазақ тағамтану академиясы базасында ұйымдастырылып, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Академик Т. Шарманов атындағы нутрициология» және «Денсаулық сақтаудағы саясат және менеджмент» кафедраларының бірлесуімен өткізілді.
Семинар барысында климаттың өзгеруінің халық денсаулығына әсері, экологиялық қауіптер, климатқа байланысты аурулардың артуы және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, бейімделу стратегиялары, пәнаралық ынтымақтастық және тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар студенттер, оқытушылар мен мамандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник