ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Краков университеті профессорларымен онлайн кездесу: «БИОЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕЖДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР (МА) / Қос диплом»

20 қараша күні KazNARU базасында Краков ауыл шаруашылығы университетінің профессорлары өткізген «Биоэкономика саласындағы междисциплинарлық зерттеулер (МА) / Қос диплом» тақырыбындағы онлайн дәріс өтті.
Факультет: Ауыл шаруашылығы және экономика.
Негізгі бағдар: Interdisciplinary Bioeconomy Studies.

Кездесуге қонақ тарапынан ханым Малгорзата Пинк пен ханым Биата Патер қатысты.
KazNAIU тарапынан халықаралық офис жетекшісі Абдраманов Абзал, халықаралық офисдің жетекші маманы Досыбекова Гүлшат, Жасыл және тұрақты даму институтының жетекші маманы Суюнчалиева Майя және университет студенттері қатысты.

Кездесуді профессорлар Малгорзата Пинк пен Биата Патер ашып, университеттің қызметі, жетістіктері, сондай-ақ университет базасындағы орталықтар мен зертханалар туралы ақпаратпен бөлісті.
Кейін Малгорзата Пинк студенттерге арналған мүмкіндіктер, халықаралық бағдарламалар шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары және оқуға түсу үшін қажет критерийлер туралы баяндады. Соңында студенттер сұрақтар қойып, спикерлер презентацияларымен бөлісті.

Халықаралық офис пен Жасыл және тұрақты даму институтының қызметкерлері ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, оқуға қабылдау бойынша нақты нұсқаулықтарды сұрады.

Іс-шара KazNAIU жанындағы Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты мен Халықаралық офис қолдауымен өткізілді.
Өткізу форматы: Онлайн
Уақыты: 15:00–16:00

#SDGS #GREENTECHNOLOGY #science

---------Chatbot---------
виртуальный помощник