ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Oxford Cycle-пен сұхбат- Oxford Cycle экспедициясы Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығының жүз жылдық өзгерістерін зерттеуде

2025 жылғы 8 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) Жасыл және тұрақты даму институтының ұйымдастыруымен Ұлыбританияның Оксфорд университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Воркшопқа ҚазҰАЗУ-дың Инженерлік технологиялар факультетінің оқытушылары қатысты. Кездесу барысында оқытушылар Oxford Cycle жобасының студенттеріне сұхбат берді.

Оксфорд, Ұлыбритания. Оксфорд университетінің студенттері мен зерттеушілерінен құралған команда Oxford Cycle жобасын іске қосты. Бұл — соңғы жүз жыл ішінде Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстандағы дәстүрлі ауыл шаруашылығы мен агробиоалуантүрліліктің өзгерістерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу велосипедтік экспедиция.

«Тянь-Шань тұқымдары: Вавиловтан кейінгі бір ғасыр» деп аталатын жоба велосипедпен саяхаттауды, ғылыми зерттеулерді және деректі кино түсіруді біріктіреді. Экспедиция көрнекті ғалым Николай Вавиловтың ғылыми сапарларымен байланысты бағыттар бойынша жүріп өтіп, қазіргі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер жағдайында оның ғылыми мұрасын қайта зерделеуді мақсат етеді.

Экспедиция барысында зерттеушілер жергілікті фермерлермен және жер сақтаушыларымен сұхбат жүргізіп, дәстүрлі егіншілік әдістерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының жергілікті сорттарын және табиғи ортадағы өзгерістерді құжаттайды. Ерекше назар ландрас деп аталатын бірегей жергілікті сорттарға аударылады. Бұл сорттар климаттың өзгеруіне төзімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру үшін аса маңызды құнды генетикалық қасиеттерге ие.

Oxford Cycle жобасы Оксфорд университетінің Экспедициялық кеңесінің қолдауына ие болып, Университеттің зерттеу этикасы жөніндегі комитеті тарапынан мақұлданды. Зерттеу нәтижелері қысқаметражды деректі фильм және ғылыми жарияланымдар форматында ұсынылатын болады.

Экологиялық таза қозғалыс тәсілдерін, ғылымды және визуалды баяндауды біріктіре отырып, Oxford Cycle жергілікті фермерлердің биоалуантүрлілікті сақтау мен жаһандық азық-түлік жүйелерінің тұрақты болашағын қалыптастырудағы шешуші рөлін айқындайды.

Oxford Cycle жобасы туралы

Oxford Cycle — Оксфорд университетінің студенттік ғылыми-зерттеу және деректі бастамасы. Жоба әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі экологиялық өзгерістерді, мәдени мұраны және тұрақты дамуды зерттеу үшін велосипедтік экспедицияларды қолданады.

Іс-шараны Жасыл және тұрақты даму институты ұйымдастырды.

Кездесуге Oxford Cycle жобасының өкілдері — Моника Грот пен Абигейл Браун қатысты.

ҚазҰАЗУ тарапынан:

  • Жоламанов Қуаныш Кеңесұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

  • Қазкеев Даурен Табылтаевич, PhD, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы.

Өткізілген орны: Вагенинген университетімен жұмыс жөніндегі институт

---------Chatbot---------
виртуальный помощник