Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында оқытушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қызметкерлерінің Түркия Республикасындағы Мехмет Акиф Ерсой университетінде дәріс оқу мақсатында профессор-оқытушылар құрамына іріктеу жариялайды.
Іріктеу шетелдік серіктес жоғары оқу орнында оқу сабақтарын өткізуге ниетті профессор-оқытушылар құрамына арналған.
Ұтқырлық туралы ақпарат:
- Оқытушыларға бөлінген орын саны: 1
- Дәріс беру саласы: Тағам инженериясы, тағам технологиясы
- Ұтқырлық түрі: Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы (Teaching Staff Mobility)
- Дәріс беру ұзақтығы: 5 күн
- Сағат көлемі: кемінде 8 академиялық сағат
- Ұтқырлық мерзімі: 2026 жылғы наурыз–шілде айлары аралығы
- Қабылдаушы университет: Мехмет Акиф Ерсой университеті (Түркия)
- Қаржыландыру: Erasmus+ бағдарламасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Өтініш хат (Motivation Letter) — Erasmus+ ұтқырлығына қатысу мақсатын, кәсіби дамуға және университетке әкелетін пайдасын сипаттайтын хат
- Түйіндеме (CV) — Europass CV үлгісі бойынша дайындалуы тиіс
(https://europass.europa.eu/en/create-europass-cv)
- Қызмет орнын растайтын құжат — университеттің штаттық оқытушысы, лекторы немесе зерттеушісі екенін дәлелдейтін анықтама
- Ғылыми немесе кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар (бар болса) — жарияланымдар, халықаралық жобалар мен конференцияларға қатысуы
- Тіл меңгеру деңгейін растайтын құжат (сертификат) — ағылшын тілі кемінде B2 деңгейі
- Паспорт көшірмесі
Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 23 қаңтарға дейін
Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZrMx65zZ_K3GiD5_R7hubJxhB8Q_dly4JgdfzfRR-QIR5Ew/viewform?usp=header
Қосымша ақпарат алу үшін:
Бас ғимарат, 36-кабинет
Халықаралық байланыстар офисі