«Поэзия – мәңгілікпен тілдесу»: М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған іс-шара
Қазақ ұлттық агралық зерттеу университетінің
Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті
Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура кафедрасы
«Поэзия – мәңгілікпен тілдесу» әдеби-танымдық ашық-сабағы
09 ақпан 2026 жылы Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура кафедрасының ассистенті Ә.Е. Әбдібек «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім беру бағдарламасының ОЗ 24-23к 2- курс кураторлық тобымен бірлесе отырып, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Поэзия – мәңгілікпен тілдесу» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар поэзия әлеміне саяхат жасап, ақынның жүрекке жақын, сырлы жырлары арқылы Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық мұрасымен тереңірек танысты. Поэзияның адам жанын тәрбиелейтін рухани күш екені, ал Мұқағали жырларының мәңгілік құндылық екені ерекше атап өтілді.
Аталған іс-шараға университетіміздің Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор А.А. Копабаева, сондай-ақ оқытушылар — қауымдастырылған профессор М.Қ. Байбатшанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрлары А.Т. Жұбанышова, Г.Ғ. Дүйсенбекова қатысып, өздерінің тағылымды ой-пікірлерімен бөлісіп, студент жастарға бағыт-бағдар беріп, ізгі тілектерін білдірді.


