ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-да 139 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ 

✅10.01.26-10.02.26 ж. аралығында Нархоз университетінің базасында ҚР Ұлттық тестілеу орталығының тест қабылдау орталығында қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Аталған кезеңде, нақтырақ айтқанда 2026 жылғы 2-10 ақпан аралығында, Ұлттық бірыңғай тестілеуді қабылдау жұмысына KazNARU-дың аймақтық комиссиясы қатысып, өз міндеттерін тиісті деңгейде жоғары атқарды.
✅Қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері тестілеуге 139 мыңға жуық талапкер қатысты. Олардың 69%-ы шекті балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Бес пән бойынша орташа балл – 64, ең жоғары көрсеткіш – 138 балл. Сонымен қатар, тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 328 талапкер қатысып, тең мүмкіндіктер қағидаты сақталды.
✅Тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 244 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті үшін 152 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса, тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін 92 талапкер аудиториядан шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
✅ 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырды. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан берілді. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.
✅2026 жылдың 2–10 ақпан аралығында KazNARU аймақтық комиссиясы ҰБТ-ны қабылдау процесін ұйымдастырып, жүргізуге жауапты болды. Бір апта ішінде 7 000 талапкерге қызмет көрсетті.
✅ Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ісіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор А.Қ. Күрішбаев пен университет ұжымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник