ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ЖАҢА КІТАПТАР» КІТАП КӨРМЕСІ «АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ ҮШІН ӨТТІ

2026 жылдың 18–19 ақпан күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында «Агробиология» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне арналған «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде кітапхана қорына жаңадан түскен 170 оқулық пен оқу құралы, 122 оқу құралы, сондай-ақ 266 көркем және ғылыми оқуға арналған кітаптар ұсынылды.
Қатысушылар жаңа басылымдарға жоғары қызығушылық танытып, олардың оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін кітапхана ұжымына алғыс білдірілді.
Мұндай көрмелер факультеттің оқу-әдістемелік базасын жаңартуға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник