KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН КӨГАЛДАНДЫРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ XII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
2026 жылдың 19–20 ақпанында Қазақстан көгалдандырушылар Ассоциациясы (АОК) ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Атакент аумағында «Қала жүйесіндегі болашақ ландшафт» атты тақырыпта XII Конференциясы мен көрмесі өтті. Оған кәсіби қауымдастық өкілдері, сарапшылар, профильді ұйымдардың басшылары, көгалдандыру, ландшафттық жобалау және тұрақты қалалық даму саласының мамандарынан бөлек, кафедра меңгерушісі И.К.Майсупованың жетекшілігімен «6В08304 – Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламасының 3-курс ЛДО-23-07К тобы мен ЛДО-23-11Р тобы студенттері және «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының меңгерушісі А.А.Копабаева белсенді қатысты.
АОК ұйымдастырған XII конференция мен көрмеге қатысу студенттер үшін кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі болды.
Студенттер көгалдандыру, аумақтарды тұрақты дамыту және ландшафтық жобалау саласындағы жаңа тәсілдермен танысты. Бұл олардың теориялық білімін кеңейтіп, заманауи тұжырымдамалардың тәжірибеде қалай жүзеге асырылатынын көруге мүмкіндік берді.
Конференцияның екінші күні қолданбалы кейстермен жұмыс істеуге, нақты жобаларды және заманауи жобалау құралдарын зерделеуге мүмкіндік берді. Мұндай формат кәсіби құзыреттерді тереңдетуге ықпал етті.
Дөңгелек үстел мен ашық пікірталастар студенттерге сарапшыларға сұрақ қойып, тәжірибелі мамандардың пікірін тыңдауға және саланың нақты қажеттіліктерін түсінуге жағдай жасады. Бұл кәсіби ойлау қабілетінің қалыптасуына әсер етті.
Сессиялар мен талқылаулар барысында студенттер Қазақстан Республикасындағы ландшафтық саланың қолданыстағы кәсіби стандарттары, инновациялық шешімдері және даму перспективалары туралы мәлімет алды.
«AOK LD Award 2026» марапаттау рәсімі саланың үздік жобалары мен мамандарының жетістіктерін көрсетті, бұл болашақ кәсіби қызметке шабыт пен мотивация берді.
Осындай ауқымды іс-шараға қатысу бейінді ұйымдардың өкілдерімен және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Осылайша, конференция тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар студенттердің кәсіби бірегейлігін қалыптастыруға, тәжірибелік дағдыларын нығайтуға және ландшафтық сәулет пен көгалдандыру саласындағы заманауи үрдістерді түсінуге маңызды қадам болды.





