KAZNARU-да ЗАҢ КЛИНИКАСЫНЫҢ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ
Құрметті Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің барша қызметкерлері мен студенттері!
Бизнес және құқық жоғары мектебінің «Құқық» кафедрасы жанынан ашылған заң клиникасы «Ашық есік» күні аясында сіздерді арнайы іс-шараға шақырады.
Іс-шара 12 наурыз күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Өтетін орны: 3 ғимарат, 203 кабинет.
Өтетін орны: 3 ғимарат, 203 кабинет.
Бұл күні сіздер азаматтық істер, қылмыстық істер, еңбек даулары, отбасылық даулар, шарттық міндеттемелер, мүліктік мәселелер және өзге де құқықтық сұрақтар бойынша тегін заң көмегін ала аласыздар.
Егер қандай да бір құқықтық жағдай сізді алаңдатып жүрсе, кәсіби кеңес алуға тамаша мүмкіндік бар.
Кеңес беруді білікті мамандардың жетекшілігімен 3–4 курс студенттері, сондай-ақ тәжірибелі адвокаттар, нотариустар және заң кеңесшілері жүргізеді.
Бұл – бір жағынан сіздер үшін сапалы құқықтық көмек алу мүмкіндігі, ал екінші жағынан болашақ заңгерлер үшін тәжірибе жинақтау алаңы болып табылады.
Заң клиникасының басты мақсаты – университет қауымдастығына қолжетімді әрі сапалы құқықтық қолдау көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту.
Егер сұрақтарыңыз болса, алдын ала дайындап келулеріңізге болады. Біз әрбір өтінішті мұқият қарап, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Баршаңызды «Ашық есік» күні күтеміз!