ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Жыр алыбы – ұлт руханиятының темірқазығы

Қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің 180 жылдық мерейтойына орай «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының кураторы Орақбаева Айнұр және МШ 24-01 тобымен тағылымы мол әдеби-сазды, танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс шараның басты мақсаты – ақын мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармашылық әлемін жас ұрпаққа таныстыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, шығармашылық қалыптасу кезеңдері, тарихи тұлғалармен байланысы мен ел өміріндегі орны туралы мазмұнды баяндама жасалды. Ақынның ел бірлігі мен ерлік рухын жырлаған өлеңдері оқылып, оның терең философиялық ойлары мен отансүйгіштікке үндейтін жырлары көрермен көңілінен шықты.
Сонымен қатар, өнерпаз жастар ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің мазмұнын байыта түсті. Әдеби композициялар қойылып, көріністер арқылы Жамбылдың ақындық болмысы мен дара тұлғасы көркем бейнеленді.
Іс-шараға қатысушылар ұлы жыраудың шығармашылығы туралы пікір алмасып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны жайлы ой бөлісті. Кеш соңында қатысушылар рухани әсер алып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Жамбыл мұрасы – халқымыздың асыл қазынасы. Ұлт руханиятының шамшырағы болған ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығы жас ұрпаққа әрдайым үлгі бола бермек. Ұлы жырдың жалғасы – ұрпақ санасында қала бермек.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник