ҚазҰАЗУ-да «Қазақ мәдениетіндегі отбасы құндылықтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2026 жылдың наурыздың 17 жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру кафедрасы», мәдениеттану пәнінің аға оқытушысы М.А. Есболова наурыз мерекесі аясында «Шаңырақ күніне» орай «Қазақ мәдениеттегі отбасы құндылықтары» тақырыбында 1-курс студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы институтының маңыздылығын насихаттау, ұлттық мәдениеттегі отбасы құндылықтарын дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.
Дөңгелек үстелге университетіміздің жастар ісі жөніндегі басқармаға қарасты,«Harmony» психологиялық қолдау қызметінің психолог-маманы Мыңбай Әлішер Бекболұлы мен Саяси ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ашимова Зайтунам Исейдуллаевна және 1-курс студенттері қатысып, қазақ халқының салт-дәстүріндегі отбасының орны, қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті сұрақтарға жауап іздеді.
Іс-шара барысында отбасының бірлігі мен берекесі – ел болашағының кепілі екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, ата-ананы құрметтеу, отбасы жауапкершілігін сезіну сияқты маңызды құндылықтар қозғалды. Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін танымдық әрі мазмұнды алаңға айналды.
ҚазҰАЗУ-да өткізілген бұл шара Наурыз мейрамының тәрбиелік мәнін арттырып, студент жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға өз үлесін қосты.
