ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІ: KazNARU-да ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2026 жылғы 7 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ғылым күніне арналған онкүндік іс-шаралар аясында «Іле Алатауының биоәртүрлілігі» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің базасында өтіп, экология, табиғатты қорғау және тұрақты даму бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Семинар жұмысына ҚазҰАЗУ Ғылым департаментінің директоры А.А. Султанов, факультет деканы Д.Н. Сарсекова, Орман ресурстары, аң шаруашылығы және аквакультура кафедрасының меңгерушісі А.А. Копабаева, сондай-ақ Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу жұмыстары және таулы биоәртүрлілік бөлімінің басшысы С.А. Усербаева бастаған сала мамандары қатысты. Іс-шараны Ландшафттық дизайн және көгалдандыру кафедрасының меңгерушісі И.К. Майсупова ұйымдастырды.
Семинарға 6В08304 – «Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» және 6В08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысып, Іле Алатауы өңірінің флорасы мен фаунасының биоәртүрлілігі, Қызыл кітапқа енгізілген эндемикалық және реликттік түрлер, сондай-ақ орманды қорғау мен молайту, ландшафттық жоспарлау және экологиялық мониторинг мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды.
Іс-шара барысында Іле Алатауы экожүйесіне антропогендік факторлардың әсері – туризм, урбанизация және климаттың өзгеруі – жан-жақты талданып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызмет ету тетіктері мен биологиялық әртүрлілікті сақтау стратегиялары қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар халықаралық экологиялық бастамалар мен тұрақты табиғат пайдалану қағидаттарымен танысты.
Семинар қорытындысы бойынша білім алушылардың экологиялық талдау жүргізу, табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау және табиғи ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалану бағытындағы кәсіби құзыреттері нығайтылды.

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

