АТА ЗАҢ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

АТА ЗАҢ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Су ресурстары және IT технологиялар факультетінде Жаңа Конституцияны студенттерге түсіндіру жұмыстары аясында «Жаңа Конституция – ел жаңаруы мен дамуының кепілі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н.Б. Тәуекелова жүргізді. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ Конституцияның қоғамдағы маңызы мен рөлін терең түсіндіруге бағытталды.
Дәріс барысында 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумға ұсынылған Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар оның әлеуметтік-саяси салдары мен мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңыздылығы жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін білдірді. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Аталған дәріс студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник