«Жаңа Конституция: менің дауысым, менің болашағым»
17 сәуір 2006 жылы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушылары Н.Б. Тәуекелова мен Л.Б. Нурбаеваның ұйымдастыруымен №10 студенттер үйінде «Жаңа Конституция: менің дауысым, менің болашағым» тақырыбында студенттермен интерактивті пікір алмасу іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру, олардың елдегі конституциялық өзгерістерге деген саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын дамыту болды.
Пікір алмасу барысында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, жаңа Конституцияның маңыздылығы, оның қоғамдағы рөлі мен болашаққа әсері туралы жан-жақты талқылау жүргізді. Сонымен қатар, студенттер арасында өзара диалог қалыптасып, түрлі көзқарастар мен пікірлер ортаға салынды.
Аталған шара еркін форматта ұйымдастырылып, ойын элементтерімен толықтырылды. Интерактивті әдістер қатысушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты терең әрі қызықты меңгеруге мүмкіндік берді.
Іс-шара студенттердің саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамауға бағытталған маңызды алаң болды.