БІРЛІК ПЕН БОЛАШАҚ: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАҚ БАҒЫТЫ
2026 жылғы 17 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қазақ және түркімен топтарының 1-курс студенттері «TURK ELI» халықаралық ұйымының президенті Сарвар Испахимен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жастардың рөлін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл жүздесу студенттер үшін тәжірибе алмасуға, жаңа көзқарастар қалыптастыруға және түркі әлемінің болашағына қатысты маңызды ойлармен танысуға мүмкіндік берді.
«TURK ELI» халықаралық ұйымының президенті Сарвар Испахи өз сөзінде ұйымның негізгі мақсаты – түркі халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту екенін атап өтті. Сонымен қатар жастардың білім мен ғылымға ұмтылысы түркі елдерінің ортақ дамуына серпін беретінін жеткізді.
Ветеринария және зооинженерия факультетінің кафедра меңгерушісі Бейбіт Тұрғанбекұлы Құлатаев алдағы уақытта да осындай тәрбиелік маңызы зор шараларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге PhD, қауымдастырылған профессор Н. Құлажанов арнайы қатысып, тағылымды ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркін форматтағы диалог жастардың белсенділігін арттырып, олардың халықаралық деңгейдегі бастамаларға қызығушылығын оятты.
Іс-шараны Жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, атап айтқанда: ф.ғ.к. Н.Ә.Алдабек, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Д. Қожабекова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Ә.Ж. Ахантаева, т.ғ.к., Г.А. Давлетова, аға оқытушы Г.Ж.Ахантаева, сондай-ақ «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының оқытушылары Г.Г. Габит, Г.А. Валиева, Ф.Ғ. Сағымбек, А.Д.Орақбаева ұйымдастырды.
Аталған кездесу студент жастардың түркі әлемінің бірлігі мен ортақ болашағына деген сенімін нығайтқан маңызды іс-шаралардың бірі болды.

