“Жаңа Конституция: менің болашағым” танымдық дәрістері

“Жаңа Конституция: менің болашағым” танымдық дәрістері

2026 жылдың 14-17 сәуір аралығында Жаңа Конституцияны студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізу аясында университеттің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы барлық факультеттерде кең ауқымды іс-шаралар, атап айтқанда түрлі тақырыптарда танымдық-талқылау дәрістерін, дөңгелек үстел және студенттер үйлерінде интерактивті пікір-алысулар өткізді.

Іс-шаралардың мақсаты - студенттерге Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіру, елдегі конституциялық реформалардың мазмұнына тереңірек бойлату, олардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінде аға оқытушы, саясаттанушы Н.Б.Тәуекелова «Жаңа Конституция – ел дамуы мен жаңаруының кепілі» тақырыбында дәріс оқып, жастардың азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Дәрістер барысында білім алушыларға Конституцияның негізгі қағидаттары, ондағы өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың қоғам өміріне ықпалы жан-жақты түсіндірілді. 

 

Инженерлік технологиялар факультетінде саяси ғылымдардың кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Т. Куппаева «Новая Конституция Казахстана: баланс власти, права граждан и преспективы  демократизации» тақырыбында дәріс оқып, Конституциядағы өзгерістердің ел дамуына әсері туралы кеңінен тоқталды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттердің қызығушылығын арттырды.

 

Агробиология факультетінде аға оқытушылар Н.Б. Тәуекелова мен саяси ғылымдардың кандидаты З.И. Ашимова «Жаңа Конституция – ел дамуы мен жаңаруының кепілі» тақырыбында бірлесіп дәріс өткізіп, Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндірді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылды.

Су ресурстары және IT технологиялар факультетінде аға оқытушылар Л.Б.Нурбаева және PhD  Б.Ж. Тұрсынбаева «Ата Заң тұрақтылық пен дамудың кепілі» тақырыбында бірлесе дәріс жүргізіп, Конституцияның негізгі қағидаттары мен азаматтардың саяси құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттермен еркін форматта пікір алмасу өтті.

Ветеринария және зооинженерия факультетінде тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Д. Кожабекова студенттерге Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды дәріс оқыды. Іс-шара барысында білім алушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру, олардың елдегі конституциялық өзгерістерге деген саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын дамыту мақсатында студенттер үйінде интерактивті пікір-алысулар ұйымдастырылды. 

Дәрістер барысында білім алушыларға Конституцияның негізгі қағидаттары, ондағы өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың қоғам өміріне ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Жалпы, аталған іс-шаралар студенттердің саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың елдегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етпек.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник