Самарқанд қаласында өткен халықаралық конференция

Самарқанд қаласында өткен халықаралық конференция

2026 жылғы 15–17 сәуір аралығында Самарқанд қаласында ZARMED University базасында жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Студенттердің білім беру, даму және мәдениетаралық диалог платформасы» атты халықаралық студенттік форум өтті.

Аталған конференция жасанды интеллекттің заманауи даму үрдістерін, оны білім беру, медицина және өндіріс салаларында қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің болашағы мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды. Іс-шараға Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Индонезия, Египет, Тәжікстан, Үндістан, Әзербайжан, Қырғызстан, Италия, Қытай және Түркия мемлекеттерінен ғалымдар мен білім алушылар қатысты.

Конференция аясында ғылыми баяндамалар ұсынылып, тәжірибе алмасу мен өзекті мәселелер бойынша пікірталастар жүргізілді.

Сонымен қатар, аталған іс-шаралар шеңберінде халықаралық студенттік форум ұйымдастырылып, оның бағдарламасына студенттік олимпиада, ғылыми конференциялар және мәдениетаралық диалог алаңдары енгізілді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті атынан конференцияға келесі оқытушылар қатысты:

Жонкешов Бауыржан Сейсенбекович - жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі;

Карибаева Айлина Шатликжановна - жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы;

Байманасова Ақерке Алтайқызы - жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы.

Форум аясында Карибаева Айлина Шатликжановна мен Байманасова Акерке Алтайқызы ZARMED University студенттеріне ағылшын тілінде сабақ өткізіп, заманауи оқыту әдістерімен тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, конференция жұмысына университеттің Су ресурстары және IT технологиясы факультетінің студенттері Шаймерден Шерхан мен Махмутов Әбілмансұр қатысып, «Digital Turkestan: Standardising AI Terminology», «Artificial Intelligence in Kazakhstan and Central Asia» тақырыптарында ағылшын тілінде ғылыми баяндамалар жасады. 

Форум қорытындысы бойынша студенттер сертификаттармен марапатталды.

Аталған халықаралық іс-шараға қатысу ғылыми тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник