«Green Student Life – 2026» экологиялық декадасы өз мәресіне жетті
Декада аясында студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, пластик қалдықтарын жинау акциялары, экологиялық ағарту кездесулері, шығармашылық және танымдық шаралар өткізілді.
Декада шеңберінде өткен эко-хакатонда студенттер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, үздіктер анықталды. Байқау қорытындысы бойынша:
ІІ орын иегерлері – ЛГ-25-07Р тобының студенттері Уразалинов Адиль мен Бүркіт Тамерлан (жетекшісі: Базанова Инна);
ІІІ орын иегерлері – Қайнар Парасат (ТТ-22-03К) және Балғабек Данияр (ОП-23-06К) (жетекшісі: Черикбаев Рахат) арнайы марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар, Аграрлық техника және машина жасау кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Болашақ инженер – жасыл әлемнің сәулетшісі» атты кураторлық сағатта белсенділік танытқан студенттер де марапатталды. Атап айтқанда:
Анкежан Алинұр Мұратұлы (АТТ-25-01к),
Келгенбай Азамат Мейірханұлы (АТТ-25-01к),
Мырадова Хумай (БЖ-25-05к).
Кураторы: Дюсенбиева Ақерке.
Жабылу рәсімінде декадаға белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне үлес қосқан студенттер алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
Аталған экологиялық декада студенттер арасында табиғатқа жанашырлық көзқарасты қалыптастырып, «Бүгін жинаймыз – ертең сақтаймыз!» қағидасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
«Green Student Life – 2026» – экологиялық бастамаларды қолдайтын, жастардың белсенділігін арттыратын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.