«Sapiente Latina»: Білім мен даналықтың тоғысқан мекені
Университетімізде латын тілінің тереңдігі мен маңыздылығын паш еткен «Sapiente Latina» зияткерлік викторинасы жоғары деңгейде өтті. Латын тілі — тек медицина мен ғылымның құралы емес, ол — ғасырлар бойы сақталған даналықтың кілті.
Сайыс барысы
Білім додасы үш негізгі кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұяшық таңдау арқылы өз деңгейлерін сынап, латын мақал-мәтелдерінің («Proverbium») мағынасын ашты және «Celer responsum» кезеңінде ұшқыр ойлылық танытты.
Сайыс арасындағы үзілісте студенттеріміз латын тілінде өздері дайындаған ерекше арнауларын орындап, жиналған қауымды шығармашылық қабілеттерімен тәнті етті. Қазылар алқасы ұпай есептеген сәтте көрермендер үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенді жастарға тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Жеңімпаздарды марапаттау
Кештің ең салтанатты сәтінде құрметті қонағымыз Қамбарбеков Амалбек сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады:
- 🥇 1-орын: Вет-25-02 тобы
- 🥈 2-орын: Вет-25-11-12 топтары
- 🥉 3-орын: Вет-25-07 тобы
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Латын тілін меңгеру — ғылымның шыңына жетелейтін даңғыл жол.

.jpeg)
.jpeg)