«Case study: Student life in society» - бейнежобалар талқылауы
«Case study: Student life in society» - бейнежобалар талқылауы
22.04.2026 күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған English Speaking Club форматындағы «Case study: Student life in society» (бейнежобалар талқылау) іс-шарасы өтті.
Іс-шараның барысы:
* Visual Research: Студенттер университеттегі оқу процесі мен әлеуметтік ортасын зерттеп, авторлық қысқаметражды бейнероликтер дайындады.
* Presentation & Discussion: Дайындалған кейстер көпшілікке таныстырылып, ағылшын тілінде қызу талқыланды. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен еркін бөлісті.
* Reflection: Студенттік өмірдің әлеуметтік маңызы мен жауапкершілігі туралы қорытынды жасалды.
Іс-шараға қонақ ретінде «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Тұрсынбаева Б.Ж., Есболова М.А., Сарсенбаев А.Б. қатысты.
Бұл жоба студенттердің социологиялық ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстыруына жол ашты. Ағылшын тілін еркін форматта қолдану арқылы тілдік кедергілер жойылып, командалық жұмыс және цифрлық дағдылар (видеомонтаж) артты. Іс-шара бекітілген жоспарға сай өтіп, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді.
Ұйымдастырушылар: Кашкеева А.Б., Бердіхан Г.М.


