1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні: Үстел ойындары

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні: Үстел ойындары

29.04.2026 күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қазақ және түрікмен топтарының студенттері арасында үстел ойындарынан достық кездесуі өтті.

Студенттер шахмат, шашки және қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасты. Ойын барысында қатысушылар өздерінің стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, зияткерлік деңгейлерін байқатты.

Бұл кездесу студенттердің бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық байланысты нығайтып, мәдени алмасуға жол ашты. Іс-шара соңында қатысушылар ортақ фотоға түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты. 

Ұйымдастырушылар: Тұрсынбаева Б.Ж., Бердіхан Г.М.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник