Жастар ысырапшылдыққа қарсы
14.05.2026 ж. ҚазҰАЗУ-дың «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ресурстарды ұқыпты пайдалануға бағытталған «Жастар ысырапшылдыққа қарсы» атты челлендж өтті. Іс-шараға кафедра студенттері мен оқытушылары белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау және саналы өмір салтын қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс атқарды.
Челлендж барысында қатысушылар қалдықтарды азайту, су мен электр энергиясын үнемдеу, заттарды қайта пайдалану және қоқысты сұрыптау бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Студенттер тақырыптық бейнероликтер, плакаттар мен презентациялар дайындаса, оқытушылар танымдық кездесулер өткізіп, жастардың бастамаларын қолдады.
Іс-шара ынтымақтастық пен өзара қолдау атмосферасында өтті. Челлендж әр адамның күнделікті қарапайым әрекеттері қоршаған ортаны сақтауға үлкен үлес қоса алатынын көрсетті. Қатысушылар алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды қолдап, жауапты тұтыну мәдениетін жастар арасында насихаттауға дайын екендіктерін білдірді.


УВР-24-02К және МР-25-06К топтарының кураторы – Калиева К.Е.