Сейсможаттығу: қауіпсіздікке дайындық – әрқайсымыздың міндетіміз
2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға қызметкерлер мен студенттердің дайындығын арттыру мақсатында сейсможаттығу өткізілді.
ТЖД мәліметіне сәйкес, сейсможаттығу барысында сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды үзу, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар тарату жолымен қалалық хабарлау жүйесі іске қосылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты – сейсмикалық қауіп туындаған жағдайда хабарлау, эвакуациялау және қауіпсіз әрекет ету тәртібін пысықтау. Осындай оқу-жаттығулар сабыр сақтауға, ұйымшыл әрекет етуге және төтенше жағдайлардағы қауіп-қатерді азайтуға көмектеседі.
Жаттығуға ВХМ-25-10, ВХМ-25-11, ВХМ-25-12 топтарының студенттері кураторларымен бірге белсенді қатысты. Іс-шара барысында студенттер эвакуация ережелерімен, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдармен және жеке қауіпсіздік шараларымен танысты.
Жер сілкінісі кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама жұмыстарын ҚазҰАЗУ жанындағы ТИАШМИИ филиалының оқу бөлімінің бастығы Зулпибекова С.Б. және ВХМ-25-10 тобының кураторы Жақыпова Ж.З. жүргізді. Нұсқама барысында студенттерге сабыр сақтау, жауапты тұлғалардың нұсқауларын орындау, терезелер мен ауыр заттардан алыс болу, сондай-ақ эвакуация бағыттары арқылы ғимараттан тәртіппен шығу қажеттілігі түсіндірілді.
Сейсмикалық қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі. Тұрақты түрде өткізілетін жаттығулар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайындықты арттырады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!





