Кәсіптік бағдар беру жұмысы
2026 жылғы 14 мамырда Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушылары Ашимова З.И., Тауекелова Н.Б., Есболова М.А. және Турсынбаева Б.Ж. тарапынан мамандық таңдау және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білім алудың артықшылықтары тақырыбында шағын дәріс өткізілді.
Аталған мектептің 11-сынып оқушылары (барлығы 6 сынып, оның ішінде 3 сынып орыс тілінде, 3 сынып қазақ тілінде білім алады) бейнеролик көріп, университет ұсынатын түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды, оқу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу, мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде мәліметтер берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, QR-код арқылы сауалнамадан өтті және ақпараттық буклеттер алды. Кәсіптік бағдар берушілер алдағы уақытта кәсіптік бағдар беру жұмыстарын бірлесіп жүргізу мақсатында мектеп әкімшілігімен байланыс телефондарымен алмасты.




