Су ресурстарын басқарудағы инновациялар: Франциядан келген сарапшы KazNARU – 2026 Халықаралық жазғы мектебі аясында дәрістер циклін өткізді

Су ресурстарын басқарудағы инновациялар: Франциядан келген сарапшы KazNARU – 2026 Халықаралық жазғы мектебі аясында дәрістер циклін өткізді

«Су ресурстары және IT-технологиялар» факультетінде қазіргі уақытта су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдеріне, гидрологиялық модельдеуге, цифрлық технологияларға және су шаруашылығында жасанды интеллектіні қолдануға арналған «Халықаралық жазғы мектеп – 2026» өтуде.
Бағдарламада «French-Kazakh Summer School on Remote Sensing» арнайы білім беру модулі ерекше орын алды, ол «Groundwater recharge assessment and hydrogeological time-series» (Жерасты сулары қорларының толығуын бағалау және гидрогеологиялық уақыттық қатарларды талдау) тақырыбына бағытталған.
2026 жылғы 8-10 маусым аралығында жазғы мектеп қатысушылары үшін Франциядан келген негізгі спикер — Францияның Ұлттық геологиялық қызметінің (BRGM) жетекші гидрогеологы, доктор Adrien Selles тереңдетілген дәрістер курсы мен практикалық кейстерді ұсынды. Бұл іс-шараның француз тарапынан ұйымдастырушысы ретінде Францияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған ортаны қорғау ұлттық ғылыми-зерттеу институтының (INRAE) зерттеулер жөніндегі директоры доктор Nicolas Baghdadi де қатысты.
Өз сөзінде доктор Adrien Selles жас ғалымдармен, докторанттармен, магистранттармен және студенттермен еуропалық озық тәжірибе бөлісті.

Дәрістердің негізгі бағыттары:
Су нысандарын мониторингілеу үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын қолдану;
Климаттың өзгеруі жағдайында жерасты сулары қорларының толығуын дәл бағалау әдістемелері;
Сулы горизонттардың жай-күйін болжау және гидрогеологиялық уақыттық қатарларды талдау құралдары.

Ұсынылған әдістер халықаралық жазғы мектеп тыңдаушылары арасында үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырып, Қазақстанның аграрлық секторын тұрақты дамыту үшін жерасты суларын цифрлық мониторингілеудің жоғары өзектілігін көрсетті.
Модуль бағдарламасы 2026 жылғы 10 маусымда аяқталды. Осы қарқынды курсты игерген барлық тыңдаушыларға гидрогеология және қашықтықтан зондтау саласындағы жаңа құзыреттерін растайтын халықаралық үлгідегі арнайы халықаралық сертификаттар  табыс етілді.
KazNARU базасында мұндай халықаралық іс-шараларды өткізу отандық жас кадрлардың біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар экология, су қауіпсіздігі және жоғары технологиялар саласындағы Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ғылыми-білім беру серіктестігін нығайтуға септігін тигізеді.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник