23 маусымда 8D075 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғау өтті
2026 жылғы 23 маусымда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы 8D075 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша Есмағанбетова Айгерим Байлиевнаның «Қызмет көрсету саласындағы техникалық реттеу аясында нормативтік құжаттарды жетілдіру» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысының қорғауы өтті.
8D075 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 2 хаттамасы негізінде Есмағанбетова Айгерим Байлиевнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.







