«Академиялық ұтқырлық – болашаққа серпін!»

«Академиялық ұтқырлық – болашаққа серпін!»

«Су ресурстары және IT-технологиялар» факультетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Jeonbuk National University (Chonbuk National University) (Корея Республикасы) университетінде бір семестр бойы білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғандар:

  • Зордунов Тимур7М07101 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының магистранты;
  • Джанбаев Данияр6B06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенті.

Бір семестр бойы студенттер бейіндік пәндерді меңгеріп, кәсіби құзыреттерін жетілдірді, халықаралық академиялық ортада тәжірибе алмасты, шетелдік оқытушылармен және студенттермен бірлесіп жұмыс істеді, сондай-ақ Корея Республикасының мәдениеті мен білім беру жүйесімен танысты.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға, шет тілдерін меңгеру деңгейін жақсартуға, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Студенттеріміздің Корея Республикасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы олардың кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен серпін берді. Бұл тәжірибе Джанбаев Даниярды халықаралық білім беру жолын жалғастыруға ынталандырды. Алдағы күзгі семестрде ол Венгрияның Гёдёллё қаласындағы Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алады. Бұл мүмкіндік оған жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, халықаралық академиялық ортаны танып-білуге және кәсіби әлеуетін одан әрі дамытуға жол ашады. Бұл мысал академиялық ұтқырлықтың студенттерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап, оларды үздіксіз білім алуға және жоғары жетістіктерге ұмтылуға ынталандыратынын айқын көрсетеді.

Студенттерімізді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта білім жолында, ғылыми-зерттеу қызметінде және кәсіби мансабында толағай табыс тілейміз!

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник