KazNARU ФАО-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА
KazNARU ELEVATE жаһандық бастамасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған далалық валидациялық миссиясына қатысып, мал шаруашылығына арналған инновациялық цифрлық технологияларды енгізуге өз үлесін қосты.
Алматы облысындағы Асы жайлауында және Жамбыл ауданындағы шаруашылықтарда жүргізілген далалық сынақтардың нәтижесінде Қазақстан жайылымдағы ірі қара малдың әлеуметтік мінез-құлқын қашықтықтан бақылау арқылы ауруларды ерте анықтайтын автоматтандырылған жүйені сынақтан өткізген әлемдегі алғашқы пилоттық ел атанды.
KazNARU ФАО-мен, Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасымен және басқа да ұлттық әрі халықаралық серіктестермен бірлесіп, ғылыми және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.
Бұл жоба цифрлық ауыл шаруашылығы мен дәлме-дәл мал шаруашылығы технологияларының ветеринариялық бақылауды жаңа деңгейге көтеретінін көрсетті. Мұндай инновациялық шешімдер жануарлар ауруларын ерте анықтауға, фермерлердің экономикалық тәуекелдерін азайтуға, ветеринариялық қадағалауды күшейтуге және Қазақстандағы мал шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал етеді.
Орталық Азиядағы жетекші аграрлық зерттеу университеттерінің бірі ретінде Kaznaru халықаралық серіктестік негізінде One Health (Бірыңғай денсаулық) тұжырымдамасын, ветеринария ғылымын, цифрлық ауыл шаруашылығын және тұрақты азық-түлік жүйелерін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдауды жалғастырады.
Жоба туралы толық ақпарат:
https://www.fao.org/.../fao-successfully-concludes.../en
#ҚазҰАЗУ #KazNARU #FAO #ELEVATE #ЦифрлықАуылШаруашылығы #МалШаруашылығы #Ветеринария #OneHealth #Қазақстан #Инновация