KazNARU СУ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

KazNARU СУ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2026 жылдың 20 тамызында Астана қаласында су ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Smart Water Zone» және «Smart Plastic Zone» жобаларының қорытынды іс-шарасы өтті.

Іс-шараны Green Urban қауымдастығы халықаралық Coca-Cola компаниясының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жиында ғылым, білім, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдері су үнемдеу технологиялары, цифрлық шешімдер және экологиялық білімді насихаттау бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) өзінің «Жасыл кампус» және БҰҰ моделі бағдарламалары аясындағы бастамаларын таныстырды. Университет су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрлық мониторингті дамыту және жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Ұлттық байқау қорытындысы бойынша KazNARU жоғары деңгейдегі «Алтын» марапатқа ие болды. Бұл марапат университеттің жоғары білікті мамандар даярлау, су ресурстарын тиімді басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту және экологиялық білімді кеңінен насихаттауға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын білдіреді.

KazNARU халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Рафис Абазов университеттің су қауіпсіздігі мен тұрақты даму бағытындағы жұмыстарын атап өтті.

«Бұл марапат – KazNARU-дың қоғам алдындағы экологиялық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Біз заманауи су пайдалану стандарттарын меңгерген және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілететін жаңа буын мамандарын даярлауға басымдық береміз», – деді Рафис Абазов.

Бұл жетістік - университеттің су ресурстарын қорғау, жасыл технологияларды енгізу және тұрақты даму қағидаттарын білім мен ғылымға жүйелі түрде енгізу бағытындағы жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник