«Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының 4-курс білім алушылары өндірістік практикадан өтуде
«Жерге орналастыру», «Кадастр» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерінің өндірістік практикасы білім алушылардың кәсіби даярлығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Практика оқу барысында алған теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеруге және жер қатынастары, жерге орналастыру, кадастр және жер ресурстарын басқару салаларында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының білім алушылары өндірістік практиканы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, сондай-ақ жерге орналастыру, жер кадастры, геодезия, картография, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жер мониторингі, геоақпараттық технологиялар және жер ресурстарын басқару салаларында қызмет атқаратын ұйымдар мен кәсіпорындардың базасында өтеді.
Өндірістік практика барысында студенттер бейінді кәсіпорындар мен ұйымдардың құрылымымен, функцияларымен және қызметін ұйымдастыру тәртібімен танысады; жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу бойынша білімдерін бекітеді; жер-кадастрлық құжаттамамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді; жерге орналастыру және кадастр саласында қолданылатын заманауи геоақпараттық технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді игереді.
Сонымен қатар студенттер цифрлық картографиялық материалдармен және кеңістіктік деректермен жұмыс істеу, Жерді қашықтықтан зондтау технологияларын пайдалану және оларды жер ресурстарына мониторинг жүргізуде қолдану мүмкіндіктері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. Техникалық, графикалық және есептік құжаттамаларды әзірлеу бойынша кәсіби тәжірибе жинақтайды.
«Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерінің өндірістік практикасы практикаға бағдарланған кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру процесін заманауи кәсіби қызмет талаптарымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді. Практика барысында алынған білім мен дағдылар түлектердің одан әрі кәсіби дамуына, олардың жер қатынастары, жерге орналастыру, кадастр, геоақпараттық технологиялар, жер мониторингі және жер ресурстарын басқару салаларында еңбек етуге дайындығын қамтамасыз етеді.
Практиканы ұйымдастыру барысында саланы цифрландыруға, геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ), Жерді қашықтықтан зондтау технологияларын, кеңістіктік талдау әдістерін және заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыттар жерге орналастыру және кадастр саласында бәсекеге қабілетті, заманауи технологияларды меңгерген мамандарды даярлаудың қазіргі талаптарына сәйкес келеді.