Магистранттарға арналған ашық дәріс: Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері және математикалық модельдеу

Магистранттарға арналған ашық дәріс: Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері және математикалық модельдеу

📚 Ғылыми зерттеулер әдістемесі және математикалық модельдеу

21 қыркүйек күні магистранттарға арналған ғылыми-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара теориялық зерттеулер әдістемесіне, математикалық модельдеудің негіздеріне және оның ғылыми қызметте қолданылуына арналды.

Іс-шараға 7М06102 – «Ақпараттық жүйелер», 7М07101 – «Автоматтандыру және басқару» және басқа да техникалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын магистранттар қатысты.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістері, ғылыми ізденісті ұйымдастыру кезеңдері, сондай-ақ қазіргі ғылым мен техникадағы математикалық модельдеудің рөлі қарастырылды.

Ақпараттық және техникалық жүйелерді зерттеу, талдау, болжау және басқару барысында математикалық модельдерді қолдануға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында алынған білім магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, магистрлік диссертацияларды дайындауда және таңдаған кәсіби бағыттары бойынша практикалық міндеттерді шешуде пайдалы болады.

🎙️ Спикер: Хашимов Сабитхан — техника ғылымдарының докторы (DSc), профессор, Наманган мемлекеттік техникалық университетінің Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник