KazNARU-да ТІЛ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

KazNARU-да ТІЛ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 21 қыркүйекте KazNARU-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты Тіл апталығының ашылу салтанаты өтті.

KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлмира Алпысбаева құттықтау сөз сөйлеп, тілдің ұлттық болмыс пен қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Апталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, жастардың ана тіліне деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және елжандылық рухты қалыптастыру.

Апталық аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • «Толық адам – ХХІ ғасырдың азаматы» тақырыбындағы эссе байқауы;

  • «Тіл – Абай, сөз және адамзат әлеміне апарар терезе» көркемсөз оқу байқауы;

  • «Қазіргі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбындағы қонақ дәріс;

  • «Кітап оқитын ұлт – озық ұлт» республикалық кітап оқу марафонын таныстыру;

  • «Алтын қақпа» зияткерлік сайысы;

  • «Speak to Win» зияткерлік сайысы;

  • «A Day in My University Life» бейнебаяндар байқауы;

  • «Абайдың «Толық адам» тұжырымы: тіл, таным және өзін-өзі дамыту» тілдік-танымдық жобасы;

  • ауыл шаруашылығы мамандықтарында білім алушыларға арналған «Қазақ тілі В2-1» оқу құралының тұсаукесері.

Жиынға Тілдер кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Сейсенбекұлы Жонкешов, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және бірінші курс білім алушылары қатысты.

Шара барысында тіл мен ел тарихына қатысты викториналар өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды. Кеш күй мен әсем әнге ұласып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник