«SPEAK TO WIN 2026» факультетаралық байқауы өтті
2026 жылғы 25 қыркүйек — Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

«SPEAK TO WIN 2026» факультетаралық байқауы өтті

2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың тірегі» атты апталық аясында «Тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен English Intellectual Speaking Competition «SPEAK TO WIN 2026» факультетаралық байқауы өтті.

Байқауға университеттің 6 факультетінен 6 команда қатысып, ағылшын тіліндегі білімдерін, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және командалық жұмысын көрсетті. Байқау Spelling, Random Topic және Jeopardy атты үш кезеңнен тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша:

I орын - Ветеринария және зооинженерия факультеті
II орын -
Бизнес және құқық жоғары мектебі факультеті

III орын - Инженерлік технологиялар факультеті

Сонымен қатар, қатысушылар Best Speaker, Best Teamwork, Most Creative Team, Best Presentation және Audience Favourite арнайы номинациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен номинация иегерлеріне ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

Байқауды «Тілдер» кафедрасының оқытушылары Турсынбай Айнур Нурғалиқызы және Сақтаған Шұғыла Серікқызы ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник