🥈KazNARU СТУДЕНТІ САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

🥈KazNARU СТУДЕНТІ САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

2026 жылғы 2–4 қазан күндері Грекияның Салоники қаласында кадеттер, жастар және жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионаты өтуде. Әлемнің 40 елінен 713 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасының сапында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік технологиялар факультетінің 3-курс студенті Қабдракимов Жансанат Қуандықұлы да ел намысын қорғады.

Жауынгерлік самбодан 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жансанат II орын иеленіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың, темірдей тәртіп пен спортқа деген адалдықтың нәтижесі. Жансанат халықаралық аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп, университетіміздің мерейін үстем етті.

Бұл Жансанаттың биылғы алғашқы биік нәтижесі емес. 2026 жылғы қаңтарда Алматы қаласында өткен жауынгерлік және спорттық самбодан қала чемпионатында 79 келі салмақта I орын иеленіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ал наурыз–сәуір айларында Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының жастар арасындағы самбо чемпионатында жауынгерлік самбодан 79 келі салмақта топ жарып, Қазақстан чемпионы атанды.

Жас спортшы университет қабырғасында қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Жансанат – KazNARU-дың «Zhas Qorqan» жастар тәртіп жасағының төрағасы.

Білім мен спортты қатар алып жүрген студентіміздің әлемдік додадағы бұл нәтижесі біз үшін ерекше қуаныш. Осындай жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайтын жастарымыздың жетістігі – университет үшін үлкен мақтаныш.

Жансанатқа алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Қазақстанның көк туын халықаралық аренада талай мәрте биікке көтеріп, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник