KazNARU РЕКТОРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ЖАНСАНАТ ҚАБДРАКИМОВТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

KazNARU РЕКТОРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ЖАНСАНАТ ҚАБДРАКИМОВТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, академик Ақылбек Күрішбаев самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, университеттің 3-курс студенті Жансанат Қабдракимовті қабылдап, халықаралық аренадағы үлкен жетістігімен құттықтады.

Жансанат Қабдракимов 2026 жылғы 2–4 қазанда Грекияның Салоники қаласында өткен әлемдік додада Қазақстан құрамасының сапында жауынгерлік самбодан II орын иеленіп, күміс медальға қол жеткізді. Спорттағы жетістіктері мен үздік оқуымен қатар, Жансанаттың университеттің «Zhas Qorqan» жастар тәртіп ұйымының жетекшісі екенін де атап өткен жөн.

Ақылбек Қажығұлұлы өз құттықтауында «Әлем чемпионатында алған күміс жүлде – ең алдымен, Жансанаттың табандылығы мен қажырлы еңбегінің, қайсарлығы мен жеңіске деген жігерінің жарқын көрінісі. Сіздің жетістігіңіз – университетіміздің жастарына үлгі», – деп атап өтіп, алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, еліміздің және университетіміздің абыройын асқақтата беретініне сенім білдірді.

Университет ректоры ел намысын абыроймен қорғаған Қабдракимов Жансанатқа алғыс хат, ақшалай сыйақы және кәдесый табыстап, спортшының ата-анасына алғысын білдірді.

Ердің жеңісі – ел абыройы! Студент жетістігі – университет мерейі!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник