KazNARU-да АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРЛЕСКЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

KazNARU-да АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРЛЕСКЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылғы 9 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара жастардың діни сауаттылығын арттыруға, радикалды идеологиялардың ықпалынан сақтандыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.

Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры, философия докторы (PhD) Бахытжан Сапаров баяндама жасады.

KazNARU Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков кездесуге модераторлық етті.

Іс-шараға KazNARU Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Әшірәлі Сманов және студенттік омбудсмен Назерке Күзен қатысты.

Баяндама барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға төндіретін қауіп-қатерлері, олардың алдын алу жолдары және жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелері түсіндірілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жауап алды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник