2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» (ПОСТДОКТОРАНТУРА) ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсын жариялады. Жобаларды іске асыру мерзімі – 36 ай.
Конкурс ғылымды дамытудың бес басым бағыты бойынша өткізіледі:
-
Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы;
-
Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
-
Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
-
Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
-
Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
-
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.
-
Жасы: өтінім берген сәтте 44 жастан аспауы тиіс (44 жас қоса алғанда).
-
Ғылыми жарияланымдары: зерттеу бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған рецензияланатын отандық және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір мақаласы және/немесе шолуы болуы тиіс.
-
Ғылыми дәрежесі: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы не докторантура бағдарламасының толық курсын аяқтауы қажет. Докторантураны аяқтаған, бірақ диссертациясын қорғамаған үміткер жоба бойынша шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде диссертациясын қорғауға міндетті.
-
Толық ақпарат пен қатысу шарттары конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 12 қазаннан 10 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Конкурстық өтінімдер ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталып, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі.
Өтінім беру: https://is.ncste.kz
Конкурстық құжаттама: Құжатты қарау
Анықтама телефоны: +7 (727) 344-11-10
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00)