2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсын жариялады. Конкурс жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдауға бағытталған. Жобаларды іске асыру мерзімі – 36 ай.

Ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  1. Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы;
  2. Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
  3. Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
  4. Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
  5. Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.

Ғылыми жетекшілерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Резиденттік мәртебесі: Қазақстан Республикасының резиденті болуы тиіс.
  2. Жасы: өтінім берген сәтте жетекшінің және зерттеу тобының жасы 44 жастан аспауы тиіс (44 жас қоса алғанда).
  3. Ғылыми дәрежесі: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы міндетті. Ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-педагогикалық тәжірибесі жоба бағытына сәйкес келуі қажет.
  4. Ғылыми жарияланымдары: 2022–2026 жылдар аралығында ұсынылатын жоба бағыты бойынша конкурстық құжаттамадағы талаптарға сәйкес ғылыми жарияланымдарының болуы тиіс.

Қатысу шарттары мен біліктілік талаптары конкурстық құжаттамада толық көрсетілген.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 13 қазаннан 11 қарашаға дейін (қоса алғанда).

Конкурстық өтінімдер «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі және белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады.

Өтінім беру: https://is.ncste.kz
Анықтама телефоны: +7 (727) 344-11-10.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00).
---------Chatbot---------
виртуальный помощник